Басқарудың жаңа түрлеріне көшу бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Басқарудың жаңа түрлеріне көшу бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Басқарудың жаңа түрлеріне көшу бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен, кеше Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажин және тұрғын үй инспекциясының басшысы Жандос Қайырханов Бұзурбаев көшесі, 13 үй иелерінің жиналысына қатысты.
Сол жерде басқарма өкілдері басқару түрін таңдаудың барлық аспектілері мен оған ауысу процесі бойынша түсіндірмелер берді. Еске сала кетейік, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының
42 бабының, 1-тармағына сәйкес
пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының иелері осы Заң күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде пәтер иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау туралы шешім қабылдау және кондоминиум нысанының басқару түрін таңдау бойынша жиналыс өткізуі керек.
Нысандар:
1) мүлік иелерінің бірлестігі;
2) көп пәтерлі тұрғын үйдің қарапайым серіктестігі (жай серіктестік).
Кейін басқару органдары үйге арналған барлық құжаттарды МИБ/ЖС төрағасына тапсыруға және 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін таратылуы міндетті.