Кеше Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажинмен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Кеше Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажинмен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Кеше Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажинмен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Кездесу барысында Нұрбол Қажин басқарудың жаңа түрлеріне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Өздеріңіз білетіндей, аудан әкімдері ағымдағы жылдың соңына дейін МИБ-ке толық көшу бойынша жиналыстар өткізу кестесін бекітті.
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері тұрақты түрде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың шағымдарын жинап жатыр.
Сонымен бірге басқарма басшысының орынбасары 2020 жылы лифт жабдықтарын жаңарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қазіргі уақытта барлығы 11 мыңға жуық лифт жұмыс істейді, тұрғын үй қорында 5681 лифт бар, оның ішінде 138 үйде 302 лифт ауыстырылды.
Тұрғын үй қорын жаңарту тақырыбын жалғастырған келесі спикер - «Алматы Тұрғын Үй» ЖШС директоры Жайзин Қаһарман болды.
Спикердің баяндамасы бойынша іске асырылған жобалар:
- 138 үйде 302 лифт ауыстырылды.
- 128 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
- қайтарымды қаражат есебінен 63 үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
2020 жылдың соңында жөндеуді қажет ететін КТҮ үлесі 4371 үйді құрады.
«2021 жылы 334 бірлік лифт жабдықтарын ауыстыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 130 тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, ол бойынша 43 үйге келісімшарт жасалды. Сараптау сатысында тұрған 27 үйге ЖСҚ жасалды. Қазіргі уақытта алдын ала сметалық құжаттар жасауға 173 өтініш түсті», - деп қорытындылады Қ.Жайзин.
Кездесу барысында ҚК мүшелері тұрғын үй инспекциясының жұмысы және тұрғын үйдің қолжетімділігіне қатысты бірқатар ұсыныстар берді, бұл сұрақтар болашақта ескерілу және қарастырылуы үшін Алматы ҚК төрағасы Р.А. Алшановтың бастамасымен ҚР Парламентіне жіберілуі мүмкін.