«Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы бойынша АНЫҚТАМА

«Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы бойынша АНЫҚТАМА

«Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы бойынша

АНЫҚТАМА

 

        Алматы қаласының 35 жасқа дейінгі жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 5 % мөлшерлемемен жеңілдетілген тұрғын үй қарызын беру арқылы бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін «Алматы Жастары» қалалық бағдарламасы іске қосылды.

        Ағымдағы жылы бағдарламаға қарыздың ең жоғарғы сомасы мен қатыса алатын азаматтар санаттары бойынша өзгерістер енгізілді.

        Осылайша, бағдарламаға бұған дейін қарастырылған санаттардан тыс құқық қорғау органдары қызметкерлері қосылды және қарыздың ең жоғарғы сомасы 18 млн. теңгеге дейін көтерілді.

        Бағдарлама шеңберінде барынша сұранысқа ие мамандықтағы 1000 жас отбасыны қамту жоспарланған: денсаулық сақтау қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдары қызметкерлері.

       Қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында 2021 жылғы 10 және 31 наурыз аралығында электрондық түрде электрондық цифрлік қолтаңда арқылы жүргізілді. Балдарды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Бұдан басқа, сайттағы жеке кабинет арқылы тапсырылған өтініштің жағдайын өздігінен бақылау мүмкіндігі бар. Өтінімдерді қабылдау барысында қатысушыларға өтініштерді қайта өңдеу мүмкіндігі берілген.

       Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша қабылданған 9 741 өтініштердің 5 913-і оң шешіммен қарастырылды, 3 828 өтініштер бағдарлама талаптарына сәйкессіздігіне байланысты қайтарылуға жатады (39 %) (тұрғын үйдің және тұрғын үйді соңғы 5 жылда иеліктен шағыру фактілерінің болуы, құжаттарды ұсынбауы, жұмыс орнының таңдаған салаға (санаттарға) сай болмауы).

Бағдарлама талаптарына сай келетін 5 913 азаматтың:

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштер берілді: 923;
  • Білім беру саласы бойынша сай келеді: 1169;
  • Мәдениет саласы бойынша сай келеді: 197;
  • Спорт саласы бойынша сай келеді: 55;
  • ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлері бойынша сай келеді: 349;
  • БАҚ саласы бойынша сай келеді: 86;
  • Әлеуметтік сала бойынша сай келеді: 441;
  • Құқық қорғау органдары саласы бойынша сай келеді: 754.

         Іріктелген азаматтарға сайттағы жеке кабинеттеріне Отбасы банкте төлем қабілеттілікті растау үшін лимиттер шеңберінде жолдамалар беріледі. Осы жолдама 15 жұмыс күні ішінде жарамды. Төлем қабілеттілікті сәтті растаған қатысушылар 45 жұмыс күні ішінде бастапқы және қайталама нарықта өз бетімен тұрғын үйді таңдауды іске асырады.

Бағдарлама шеңберінде несиелендірудің негізгі шарттары:

  • Бюджет– 18 млрд. теңгеге дейін:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы– 18 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна - 10%;
  • Алынатын тұрғын үй – бастапқы және қайталама тұрғын үй;
  • «Отбасы банк» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес төлем қабілеттілікті растау;
  • Қамту- 1000 адамнан кем емес.

Қатысу үшін негізгі талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтығы;
  2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  3. Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы,Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: бағдарламаға қатысушының немесе отбасы мүшелерінің кәмелетке толғанға дейін алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
  4. Қатысушының Алматы қаласында келесі санаттар бойынша міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен кем дегенде соңғы 6 ай ішінде жұмыс өтілінің болуы: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала және құқық қорғау органдары (санаттағы неғұрлым толық сипаттамамен «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ» бөлімінен танысуыңызды сұраймыз);
  5. Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса)(аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).

         Тізімдерге кезекке қосу санаттар бойынша жинаған ұпайлар санымен (ең көп ұпай саны бойынша) анықталады: тіркелген некедегі әрбір жыл үшін – 2 ұпай, 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 ұпай, әрбір кейінгі бала үшін – 2 ұпай, осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін – 2 ұпай.

        Тұрғын үй қарыздарын бөлу бөлек санаттар (салалар бойынша) бойынша жүргізіледі.

         Өтінім берушілерде ұпайлар тең болған жағдайда, өтініш пен құжаттарды беру уақыты мен күні ерте тапсырған қатысушы басымдыққа ие болады

        Осылайша іріктелген 5 913 қатыушылардың ішінен ең жоғарғы ұпай құрады:

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша: 59;
  • Білім беру саласы бойынша: 61;
  • Мәдениет саласы бойынша: 65;
  • Спорт саласы бойынша: 39;
  • ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлері бойынша: 53;
  • БАҚ саласы бойынша: 45;
  • Әлеуметтік сала бойынша: 53;
  • Құқық қорғау органдары саласы бойынша: 65 (неке үшін – 26, балалар үшін – 5, жұмыс өтілі үшін – 34).

       Анықтама үшін: бағдарлама шеңберінде 2017 жылы – 108 тұрғын үй қарызы берілді, 2018 жылы – 134 қарыз.

2020 жылғы қабылдаудың нәтижесі бойынша 12,4 млрд. теңгеге 1001 қарызы берілді:

  • Денсаулық сақтау саласы бойынша: 321;
  • Білім беру саласы бойынша: 307;
  • Мәдениет саласы бойынша: 110;
  • Спорт саласы бойынша: 36;
  • ЖОО мен ҒЗИ қызметкерлері бойынша: 129;
  • БАҚ саласы бойынша: 68;
  • Әлеуметтік сала бойынша: 30.