Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды

Құрметті кезекте тұрған азаматтар!

 

        Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" (бұдан әрі - Бағдарлама) бағыты бойынша тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды.

       Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд., Райымбек д., 590/1 ж.т., 1, 3, 4, 5, 6, 7 корпус (3, 6, 8, 9, 10, 11 н.) орналасқан. «Нұрлы дала» ТК 2 кезең, объектінің коды №1722.

          Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 240 000 теңге.

Барлығы: 354 пәтер

  • Пәтер түрі 1: 1 бөлмелі пәтер, 112 пәтер, ең жоғарғы аудан 35,4

шаршы метр;

  • Пәтер түрі 2: 1 бөлмелі пәтер, 108 пәтер, ең жоғарғы аудан 39,7 шаршы метр;
  • Пәтер түрі 3: 2 бөлмелі пәтер, 68 пәтер, ең жоғарғы аудан 53,6 шаршы метр;
  • Пәтер түрі 4: 2 бөлмелі пәтер, 28 пәтер, ең жоғарғы аудан 61,8 шаршы метр;
  • Пәтер түрі 5: 3 бөлмелі пәтер, 38 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,3 шаршы метр.

           Тұрғын үйлерді брондау арқылы «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 05 мамырдан 2021 жылғы 04 маусымға дейін.

             Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

         Өтініш беру baspana.kz Банктің интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

               Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе «Отбасы Банк» АҚ-ның baspana.kz интернет ресурсында толығырақ танысуға болады .

         Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.