Газ бойынша ақпарат

Газ бойынша ақпарат

       "Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ жабдықтарын, қазандарды, баллондарды және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын" өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы ТЖ Департаментімен және Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп 2021 жылғы 29 наурыз бен 24 сәуір аралығында Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
         Нәтижесінде 4 сауда базары, 5 СОО, 100-ден астам қоғамдық тамақтану объектілері қамтылды, оның ішінде 27 объектіде белгіленген талаптарды бұза отырып, газ баллондарын пайдаланады.
   Осы тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.