Онлайн-форматта кезекті азаматтарды қабылдау өтті.

Онлайн-форматта кезекті азаматтарды қабылдау өтті.

Онлайн-форматта кезекті азаматтарды қабылдау өтті.

Тұрғын үй кезегі, коммуналдық тұрғын үй қорынан үйлер бөлу, сондай-ақ, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібіне байланысты сұрақтар көп түсуде.

Еске сала кетейін, тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі мен талап етілетін құжаттардың тізімін Басқарманың https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=368046274422735&id=100036520963467 жазбасынан көруге болады.

Жақында  «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу өтініштері мен құжаттарды қабылдауды аяқтадық, енді қатысуға өтінім білдірген қала тұрғындар ары-қарайғы іс-әрекеттерге қызығушылық танытуда.

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық ұсынылған өтінімдерді қарауға алынып, Бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі, содан кейін әр салада (санатта) ең көп ұпай жинаған қатысышулардың тізімі жасалады.

Жоғарыда аталған процедуралар аяқталғаннан кейін тізім www.almaty-zhastary.kz сайтының өтінімдер қабылдау бөлімдерінде орналастырылады.

Ары қарайғы ақпараттарды  аталған сайттың тиісті бөлімдерінен тексеріп отыру керек.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды қабылдау кесте бойынша өткізіледі, барлық сұрақтар бойынша 2251409, 2251204 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.