Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажин жұмыс сапарымен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы оттегі станциялары мен қазандықтардың жағдайын тексеріп қайтты.

Жұмыс барысында  №12 Орталық қалалық клиникалық аурухананың оттегі станциясы тексерілді.

Аталған механизмдердің

жұмыс принципі -  сығылған ауадан оттегін өндіру және оны тұтыну деңгейіне дейін жеткізу.

Мұндай станцияларда арнайы дайындалған қызметкерлер жұмыс істейді.

Сонымен қатар, «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің балансындағы солтүстік-шығыс қазандығының да (СШҚ) жұмыс қауіпсіздігі тексерілді. Онда 6 бу қазандығы бар, ал қазіргі уақытта оның 2-уі жұмыс істеуде. Қазандықтар тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өндірістік қажеттіліктері үшін желілерді жылыту нүктелеріне жеткізу үшін қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік,  қауіпті техникалық құрылғылардың жұмыс қауіпсіздігін бақылау Басқарма қызметінің біріне жатады.