Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

 

Өздеріңіз білетіндей, тұрмыстық және коммуналдық тұтынушыларға арналған газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының, сондай-ақ, қаладағы тұрмыстық баллондардың қауіпсіз жұмысына қойылатын талаптардың орындалуын бақылауды Тұрғын үй саясаты басқармасы жүзеге асырады.

Басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Қажин осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Өткен жылы лифт, газ және қазандық жабдықтарын бақылау бөлімі азаматтардың өтініштері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлерде

газ баллондарын пайдалану бойынша жоспардан тыс 15 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 5 тұтынушыға айыппұл салынды және ескертулерді жою туралы нұсқаулар берілді.

Ағымдағы жылғы 11 қаңтардан бастап Жергілікті полиция басқармасы және қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен біріге өткізілетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі газ жабдықтарын, қазандықтарды, баллондар мен жоғары қысымды ыдыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша Насихат айлығы басталды. Айлық аясында, былтырғыдай аралау жұмыстары ұйымдастырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, газ жабдығын қауіпсіз пайдалану туралы ақпараттық парақтар таратылды.

Бүгінгі күні аралау-тексеру жұмыстары 6 ауданда - Алмалы, Әуезов, Алатау, Бостандық, Жетісу және Медеу аудандарында жүргізілді.  Келесі кезекте - Түрксіб және Наурызбай аудандары.

Нәтижесінде  33 бөлшек сауда базары, 39 сауда және ойын-сауық орталығы, 600-ден астам қоғамдық тамақтандыру нысаны қамтылды, ондағы 200-ден астам нысан газ

баллондарын белгіленген талаптарды бұза отырып  пайдаланып келген. Тұтынушыларға газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарының қауіпсіз жұмысына қойылатын талаптарын орындау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме бар бейнежазбалар мен мәтіндік материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Жалпы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында газ тұтынатын жүйелер мен газ жабдықтарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда. Егер сіз газдың иісін сезіп, газ жабдығында ақау болғанын байқасыңыз, жедел түрде 104-ке хабарлауыңызды сұраймыз. Тұрмыстық газды дұрыс қолданбау өртке, күйікке және басқа да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

 Өзіңізге және жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз.