"Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы шеңберінде өтініштер қабылдау

"Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы шеңберінде өтініштер қабылдау

2021 жылғы 12 сәуірден бастап 26 мамыр аралығында «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы шеңберінде өтініштерді қабылдау іске асырылатындығын хабарлаймыз. Бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер «Отбасы банк» АҚ-ның (бұдан әрі – Банк) сайтында (www.hcsbk.kz) онлайн түрде қабылданады.

Бағдарламаға кезекке қойылған жылына қарамастан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде келесі санаттар бойынша тұрған азаматтар қатысуға өтінім бере алады:

  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек);
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады.

45 күн ішінде барлық өтінімдер қабылданады. Әрі қарай жүйе автоматты түрде қатысушылардың негізгі және резервтік тізімдерін құрайды.

Есепке қойылған күні, кезекке тіркелген санаты және өтінім беру уақыты қатысушының негізгі тізімге ілігуінің айқындаушы фактор болады.

Өтінім беру үшін:

  • ЖСН қажет;
  • аутентификация кодын алу үшін ұялы телефон.

Конкурс қорытындыларын өтінім нөмірі бойынша 27 мамырдан кейін Банктің сайтынан көруге болады.