«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Бағдарлама бойынша өтінімдер мен құжаттар ағымдағы жылдың 31 наурызына (қоса алғанда) дейін www.almaty-zhastary.kz веб-сайты арқылы қабылдануда.

Сондай-ақ, а.ж. Бағдарлама шарттарына өзгеріс енгізілді - несие сомасы 18 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылды және Бағдарламаға қатысушылар санатына құқық қорғау органдарының қызметкерлері енді. Сонымен қатар, биыл қатысушылардан Алматы қаласында тұру талабы алынып тасталды.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау процесі толығымен автоматтандырылған күйінде жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушы электронды цифрлы қолтаңба арқылы сайтта өтінім қалдырады. Іріктелген үміткерлерге «Отбасы Банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін веб-сайттағы жеке кабинетіне сілтеме беріледі, төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйді өз бетінше таңдайды.

Резервке енгізілген, бірақ өтінімі қабылданбаған қатысушылардың тізімдері былтырғыдай өтінім сайтында орналастырылатын болады.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптарды еске саламыз - олардың жасы 35-тен аспауы тиіс, Бағдарламаға өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үй болмауы керек, тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілері соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша тексерілді. Қатысушының Алматы қаласындағы ресми жұмыс өтілі келесідей салаларда - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО мен ҒЗИ, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдары сияқты санаттарда кемінде соңғы 6 айды құрауы керек.