"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ жабдықтарын, қазандықтарды, баллондар мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын "өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы ТЖ Департаментімен және Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп 2021 жылғы 8-20 ақпан аралығында Алматы қаласының Алатау ауданы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде 10 сауда базары, 8 СОО, 166 қоғамдық тамақтану объектілері қамтылды, оның ішінде 142 объектіде белгіленген талаптарды бұза отырып газ баллондарын пайдаланады (фото және объектілер тізімі қоса беріледі), сондай-ақ ЖАО-да есепте тұрмайтын 32 қазандық анықталды.
Осы тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.