Газ бойынша ақпарат

Газ бойынша ақпарат

"Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ жабдықтарын, қазандарды, баллондарды және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану шаралары бойынша насихаттау айлығын" өткізу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы ТЖ Департаментімен және Алматы қаласының жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп 2021 жылғы 11 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы қаласының Әуезов және Алмалы аудандары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 11 сауда базары, 10 СОО, 250-ден астам қоғамдық тамақтану объектілері қамтылды, оның ішінде 63 объектіде белгіленген талаптарды бұза отырып газ баллондары пайдаланылады.

Осы тұтынушылармен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.