Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап тұрғын үй саясаты басқармасы "Тәртіп" АҚ жетекшілік ететін кәсіпорнының барлық 1 454 контейнер алаңын және 8 003 контейнерді дезинфекциялау жұмыстарын ұйымдастырды, сондай-ақ осы алаңдар мен контейнерлерді дератизациялау жүргізілді.
Әрбір алаңды, контейнерлерді өңдеу аптасына 1 рет кезеңділікпен жүргізіледі.
Дезинфекциялауға контейнерлік алаңдарды өңдеу бойынша 12 бригада, дератизациялауға 85 дезинфектор, 40 дезинфектор жұмылдырылды.
Күн сайын 4 000 л. аспайтын дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды.
Алматы қаласының аумағында қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету бойынша халықты 100% қамту қамтамасыз етілген. 25 қоқыс шығарушы ұйымға қызмет көрсетіледі, Қоқыс шығару нарығындағы доминант "Тәртіп" АҚ болып табылады, ол Алматы қаласы аумағының 70% қызмет көрсетеді. Қалдықтарды шығару қалдықтарды сұрыптау жүргізілетін индустриялық аймақтағы Қоқысты сұрыптау кешеніне жүргізіледі және қайта өңдеуге жіберіледі. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасынан тұрғын үй саясаты басқармасына ҚТҚ шығару бойынша функциялар берілген сәттен бастап келесі жұмыстар жүргізілді:
- 104 алаң жөнделді;
- 2 100 контейнер жаңасына ауыстырылды;
- алаңдарды жуу үшін құрамында 15 адам бар 5 бригада құрылды.
Әр ауданда проблемалық учаскелерде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жиілігі 2 және 3 есеге артты.
ШОБ кәсіпорындарымен бірлесіп контейнерлік алаңдарда қайталама шикізатты жинау үшін 800-ден астам торлы контейнерлер орнатылды. Білім беру мекемелерінде электрондық және электр техникалық қалдықтарды жинауға арналған 100 арнайы контейнер орнатылды.
Сондай-ақ, қала ұйымдарында макулатура, шыны ыдыс және пластикалық қалдықтарды жинау үшін 1000 бірліктен астам экобокс орнатылған.
Қала аумағында халықтан макулатура мен пластикалық қалдықтарды, шыны ыдыстар мен алюминий ыдысының қалдықтарын ақылы негізде қабылдау бойынша 26 пункт орнатылды.
Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі табиғат қорғау полициясымен бірлесіп қыркүйек пен желтоқсан аралығында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 27 599 430 теңгеге 2 025 әкімшілік хаттама толтырды, оның ішінде 1 136 ескерту.