«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен тұрғын үй беру

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен тұрғын үй беру

2020 жылы «Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы аясында 972 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Бағдарлама қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО оқытушылары мен ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер мен әлеуметтік қызметкерлер арасында арнайы әзірленген болатын.

Бағдарламаның ерекшелігі 13 млн.теңгеге дейін жылдық 5% жеңілдікті төмен пайыздық мөлшерлемеде берілетін несие болып табылады.

Ағымдағы жылдың наурыз-шілде айлары аралығында www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініштер мен құжаттарды  қабылдау 3 мәрте өткізілді, сондай-ақ, баллдарды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілді, оған қоса қатысушылар жеке кабинетте берілген өтінімнің мәртебесін өз бетінше қарай алды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Бағдарламаға өзгерістер енгізілген болатын. 2020 жылғы өтініш берушілеріне бағдарламаға қатысу үшін қалада тұрақты тіркеу талап етілмей, ал осы себеппен бұрын қабылданбай қалған  барлық өтінімдер қайта қаралған болатын.