«Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде брондаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Шаңырақ» пилоттық жобасы шеңберінде брондаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі «Шаңырақ» бағыты бойынша іске асырылатын Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 590/1 уч., 2, 3, 6, 7 н. мекенжайында орналасқан объектідегі (бұдан әрі – Объект) тұрғын үйлерді брондауға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы жариялағанын хабарлаймыз.

Объектіде тұрғын үйді брондауға өтініштерді қабылдау 26.11.2020 ж. бастап 25.12.2020 ж. аралығында www.baspana.kz жылжымайтын мүлік порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.