Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2020 жылғы қарашаның «5» мен «9» аралығында Алматы қаласының 29 жасқа дейінгі жастарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберіндегі «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру» (бұдан әрі - Бағдарлама) өтініштер мен құжаттарды қабылдауды жүргізеді.

Өтініштер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайлар Алматы қаласының шеңберінде тұрғын үйлердің түсуіне байланысты 5 жыл мерзімге беріледі. Қазіргі уақытта Наурызбай ауданының «Alma City-5» шағын ауданынан 350 бір бөлмелі пәтер бар.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар:

  • 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімненкейінгіжәне (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады;
  • Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалада тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін);
  • орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;
  • соңғы алты ай ішінде кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы (101 мың теңге);
  • банкте жинақ шоттың болуы.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеттен өздері бақылап отыруы қажет.

Анықтамалар: +7(727)2251457, +7(727)2251452, +7(727)2251437, +7(727)2251440  телефондары бойынша.