Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа ережелері талқыланды: 15 қыркүйектен не өзгереді

Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа ережелері талқыланды: 15 қыркүйектен не өзгереді

Бүгін Әлеуметтік қызметтер үйінде Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының төрағалығымен жиын өтті.
Жиынға қалалық Қоғамдық кеңес, ПИК қауымдастығы, МИБ, басқарушы компаниялар мен ПИК өкілдері қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған ҚР Заңына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне дайындық мәселесі талқыланды. Өзгерістердің мақсаты — көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыру.

15 қыркүйектен бастап енгізілетін өзгерістер:
🔹 Қарапайым серіктестік нысаны жойылады.
🔹 Басқару тек МИБ немесе ББҰ арқылы жүзеге асады.
🔹 ПИК ресми түрде басқарушы компаниялармен тең дәрежеде басқару субъектісі болып танылады.
🔹 Әр үйге жеке банктік шот ашылады. Қаржы толықтай ашық болады.
🔹 Шешімдер электронды дауыс беру немесе жазбаша сауалнама арқылы қабылданады.
🔹 МИБ, ПИК және басқарушы компания басшылары заңбұзушылықтар үшін жеке әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұл шаралар тұрғын үйді басқаруды тұрғындар үшін барынша ашық әрі бақылауға ыңғайлы етеді.