«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдағы жаңа түзетулер басқару субъектілерін қалай жұмыс істеуге міндеттейді

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдағы жаңа түзетулер басқару субъектілерін қалай жұмыс істеуге міндеттейді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын тұрақты дамыту, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту мақсатында Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді (КТҮ) басқарудың жаңа тетігі қабылданып, енгізілді.

Көппәтерлі үйлердегі басқару субъектілері маңызды функция атқарады, сондықтан олардың КТҮ мүлкі иелері алдындағы жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туындады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасында кондоминиум объектілерін басқарудың келесі субъектілері айқындалған:
• Басқарушы компания (БК)
• Пәтер (және тұрғын емес үй-жайлар) иелері кооперативі (ПИК)

Бұл екі нысан да қолданыста және тең құқықты болып табылады. Олар тұрғындарға үйдің нақты жағдайына, оны ұстауға арналған қаржылық мүмкіндіктерге және тұрғындардың басқарушы ұйымдармен техникалық пайдалану ережелері мен қаржылық тәртіпті сақтау іс-шараларына қатысуға дайындығына қарай ең қолайлы басқару үлгісін таңдауға мүмкіндік береді.

Егер мүлік иелері бірлестігі (МИБ) басқару нысаны ретінде таңдалса, жиналыс хаттамасымен бекітілген БК немесе ПИК өз қызметін шарт негізінде жүзеге асырады. ПИК үшін Типтік жарғы мен шарт талаптарын сақтау міндетті. Жиналыс хаттамасы мен шартта жылдық шығындар мен кететін қаражаттың сметасын бекіту қарастырылуы тиіс, өйткені тариф сметаға сәйкес бекітіледі. Сондай-ақ тараптардың міндеттері мен жауапкершілігі анықталады.

Егер мүлік иелері тікелей басқару нысанын (ТБН) таңдаса, басқару жиналыс хаттамасы негізінде жүзеге асырылады. Онда басқару функцияларын орындау үшін нақты тұлға немесе ұйым уәкілеттендіріледі. Хаттама даулы жағдайларды қарауда ресми құжат болып табылады және әрбір басқару объектісі үшін жеке қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, шығындардың жеке сметалары, қызмет түрлері мен олардың мерзімділігі сақталады. Әр үйден мүлік иелерінің арасынан бастамашыл топтар құру міндеті де сақталады, егер тұрғындар ПИК-ке бірігу және қайта тіркеуден өту туралы шешім қабылдаса.

ПИК-тер заңға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде қайта тіркеуден өтіп, әрбір объектімен жеке басқару және оны ұстау шарттарын қабылдау үшін жиналыс өткізуге міндетті.

Барлық басқару субъектілері КТҮ-ді басқару және күтіп ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы. Әрбір үйге жеке шот ашу міндетті талап болып табылады. Бұл ашықтықты арттырады, қаражатты мақсатсыз пайдалануды болдырмайды және тұрғындарға өз қаржыларын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заң жаңа үйлер үшін де, басқару нысанын және пайдалану тарифін әлі анықтамаған үйлер үшін де уақытша басқарушы компаниялардың жұмыс істеу мүмкіндігін бекітті.

Уақытша басқарушы компанияны құрылыс салушы үйге қоныстанған сәттен бастап мүлік иелері шешім қабылдағанға дейін 2 жылға дейін тағайындай алады.

Егер басқару нысаны таңдалмаса, тұрғын үй инспекциясы МИБ немесе ТБН құрылғанға дейін уақытша басқарушы компанияны мерзімсіз тағайындауға құқылы. Бұл тәсіл жыл сайынғы конкурстардан бас тартуға, тұрғын үй қорын тұрақты қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге, үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау және апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өзгерістер аясында басқару субъектілеріне қолданылатын айыппұлдардың жаңа мөлшері қабылданды. Қосымша бақылау тетігі ретінде субъектінің нысанда бар екендігі немесе шарттың күшінің аяқталуы туралы мемлекеттік органдарда тіркеуден өту міндеті енгізілді.