Мемлекет басшысы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелерін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелерін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленіп, Сенат 2025 жылғы 23 маусымда қабылдаған бұл Заң тұрғын үй қорын басқаруда ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі.

Негізгі ережелер:

🔹 Басқару жүйесі
Қарапайым серіктестік нысаны жойылды. Тек екі басқару нысаны сақталады: мүлік иелері бірлестігі (МИБ) және тікелей бірлесіп басқару (ТББ).

🔹 Пәтер иелері кооперативтері (КСК) басқарушы субъект ретінде
КСК-лер басқару субъектісі ретінде танылып, басқарушы компаниялармен теңестіріледі. Олар МИБ-пен шарт негізінде немесе жалпы жиналыс хаттамасы бойынша жұмыс істейді.

🔹 Қаржылық ашықтық
Әр үй үшін жеке шот ашу міндетті. Шот ашу және есеп беру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі.

🔹 Жеделдік және функцияларды біріктіру
МИБ, КСК және басқарушы компаниялар үйдің ортақ мүлкін басқару мен күтіп-ұстау функцияларын қатар атқара алады.

🔹 Шешім қабылдау тәртібі
Жалпы жиналыс өткізбей-ақ, электронды дауыс беру немесе жазбаша сауалнама арқылы шешім қабылдауға рұқсат беріледі.

🔹 Жауапкершілік
Тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін басқарушы тұлғаларға жеке әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Сонымен қатар, бұл өзгерістер Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық іс жүргізу, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға енгізіледі. Жекелеген түзетулер салықтық әкімшілендіру мен жаппай декларациялаудан бас тарту мәселелеріне қатысты.

Аталған Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда тиімділік, ашықтық пен жауапкершілікті арттырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.