Әр сәрсенбіде басқарма басшысы Шархан Шаймерденов тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдайды.
Бүгін екі мәселе қаралды:
Тұрғын үй беру мәселесі бойынша түсініктеме берілді. Қазіргі уақытта отбасы банкі арқылы өтініш беруге және мұқтаж ретінде есепке тұруға болады. Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың қолданыстағы базасы Отбасы Банкіне берілді.
Коммуникацияларды жаңғырту мәселесі бойынша бір үйдің тұрғындары жүгінді. «Тұрғын үй» ЖШС өкілдерімен егжей-тегжейлерін талқылады.