Алматы қаласы Құрылыс басқармасы 2023 жылғы 4 мамырда Мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында, барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» тақырыбына жалпыұлттық патриоттық диктантын жазуға атсалысты.
Іс шара мақсаты: мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, арттыру және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Іс шара ұйымдастырушылары: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР оқу ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрліктері және жергілікті атқарушы органдары