🏡 Алматыда 885 отбасы жаңа баспанаға ие болды

🏡 Алматыда 885 отбасы жаңа баспанаға ие болды

📍Алматы қаласында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

🗝️Құрылыс жұмыстары мемлекеттік стандарттар мен сапа талаптарына толық сәйкес жүргізілді.

Бүгін жаңа пәтерлердің кілттерін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова табыстады.

🏡 Нәтижесінде 885 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

🤝 Жаңа қоныс иелері қала басшылығына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге үлес қосқан барша азаматтарға ризашылықтарын айтты.