
📍Құлжа және Талғар тасжолдарының арасындағы шамамен 32 га аумақта 45 мың көрерменге арналған заманауи стадион бой көтереді. Қазір нысан аумағында құрылыс жұмыстары басталды.
🔍 Бүгінде мамандар топырақтың беріктігі мен жүк көтеру қабілетін анықтау үшін сынақ қадаларын қағу жұмыстарын жүргізуде. Бұл зерттеулер болашақ стадионның іргетасын сенімді жобалауға мүмкіндік береді.
❗️Алматының сейсмикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, барлық инженерлік жұмыстар нысанның қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ, жоба аясында көрермендердің стадионға ыңғайлы жетуін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылады.