Алмалы ауданы әкімдігі ғимаратының сейсмикалық беріктігі күшейтілуде

Алмалы ауданы әкімдігі ғимаратының сейсмикалық беріктігі күшейтілуде

Абылайхан даңғылында орналасқан Алмалы ауданы әкімдігі ғимаратының жөндеуі желіде қызу талқыланып жатыр.
Сондықтан назарларыңызға жасалып жатқан жұмыстар туралы толығырақ ақпарат ұсынылады.

❗️1976 жылы салынған тарихи нысан осы уақытқа дейін күрделі жөндеу көрмеген. Өткен жылдың желтоқсанында басталған жұмыстардың ең басты мақсаты — ғимараттың жер сілкінісіне төзімділігін 100 % қамтамасыз ету.
🔹Қазір мұнда сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп, ескірген инженерлік желілер жаңартылып жатыр. Тіреуіштерді нығайту барысында бұрынғы ауыр ағаш элементтер заманауи жеңіл материалдармен ауыстырылуда.

⚠️Бастысы ғимараттың тарихи қасбеті еш өзгеріссіз жаңғыртылады. Құлау қаупі бар сәндік элементтер түпнұсқасына дәлме-дәл етіп қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Аталған ғимарат қорғалатын тарихи ескерткіштер тізіміне кірмесе де, оның бірегей сәулеттік келбеті толық сақталады. Жұмыс аяқталған соң, жарты ғасырлық тарихы бар көне нысан қауіпсіз әрі заманауи болады, бірақ өзінің бастапқы көркін еш жоғалтпайды.