🎭 Алматының мәдени ошағы жаңаруда!

🎭 Алматының мәдени ошағы жаңаруда!

Алматыдағы Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. 1980-жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген нысанның бүгінгі жай-күйі 85%-ға орындалды.

Жоба аясында 14,6 мың шаршы метрлік тарихи ғимараттың іргетасы мен коммуникация жүйелері толығымен жаңартылуда. Сонымен қатар, театр жанынан 10 мың шаршы метрлік жаңа бес қабатты корпус салынуда. Онда камерлық зал, шеберханалар, декорация қоймалары мен балаларға арналған студиялар орналасады. Екі ғимарат өзара галерея арқылы байланыстырылып, аумақ абаттандырылады.