«Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ақпаратты uadgz@mail.ru. электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(727)-225-12-75 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.