Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

     

«Алматы қаласының қалалық ұтқырлық басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 1 мамыр мен 31 мамыр аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

         1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2024 жылғы 29 сәуірге дейін (қоса алғанда) ақпаратты berjanalmat@gmail.com электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

         Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

         Сұрақтар туындаған жағдайда 8(727)-225-12-75 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.