Алматыда «Иттер мен мысықтарды тегін піштіру және зарарсыздандыру» бағдарламасы қайта жанартылды

Алматыда «Иттер мен мысықтарды тегін піштіру және зарарсыздандыру» бағдарламасы қайта жанартылды

Алматыда иттер мен мысықтарды тегін піштіру және зарарсыздандыру бағдарламасы бастау алды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатын мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 3320 ит пен мысық: қаланың әр ауданынан 415 ит пен мысық қамтылатын болады

Қазір, 6 ветеринариялық клиника төрт аяқты жануарларды қабылдауды бастады:

1. «AllVet» – Төле би көшесі, 279Б; тел.: 396-71-73;

2. «Mastino» – Есенберлин көшесі, 217 үй; тел.: 327-44-88;

3. «Ветеринарлық Медицина Орталығы» – Жамақаев көшесі, 32 үй; тел.: 313-13-28;

4. «Ветеринарлық Медицина Орталығы» – «Мамыр-4» шағынауданы, 111 үй; тел.: 313-13-21;

5. «АлматыВет» – Жансүгіров көшесі, 311; тел.: 397-22-76;

6. «ЗООВИТА» – 8 шағынауданы, 10А үй; тел.: 249-85-19.

Сәл кейінірек бұларға тағы 2 ветеринарлық аурухана қосылады.

Бағдарламаға қатысу үшін жануарлардың иелеріне жеке куәлік және ветеринарлық төлқұжат беру қажет. Соңғысы болмаған жағдайда, құжатты сол жерде (иесінің есебінен) ресімдеуге болады.

Піштіруге және зарарсыздандыруға қойылған жас шектеуі – 9 айдан бастап, 9 жасқа дейін. Барлық емдеу шаралары үй жануарлары иелерінің келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шаралардың «Алматы қаласының серіктес-үй жануарларының әл-ауқаты 2017-2020» Жол картасының шеңберінде өтіп жатқанын және қараусыз қалған иттер мен мысықтардың санын ізгілікті реттеуге бағытталған.

Сонымен бірге, емдеу шараларының сапалы өткізілуіне шағымдар болған жағдайда, қала тұрғындары Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390-21-22 нөмірі бойынша жүгіне алады.