Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы КММ (бұдан әрі — Басқарма) 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ЗРК Заңының 8-бабына және 2016 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Төрағасының № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі тәуекелдерді талдау жүргізу жөніндегі типтік ережелердің 2-тармағына сәйкес, 2025 жылдың сәуір айында Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.