Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының алдын ала қорытындысы шығарылды

Алматыда «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясының алдын ала қорытындысы шығарылды

Акция басталғалы бері, 15 сәуірден 29 сәуірді қоса алғанда, алматылықтар екі тоннадан астам (2 148 кг) қайталама шикізат өткізіп, 1354 купон алды.

 

«Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» акциясы қалада басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өтуде. Ол 2024 жылғы  8 мамырға дейін өтеді және қалдықтармен байланысты мәселелер мен оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.

 

Науқан жалғасуда. Оған Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін өз бетінше белгілі бір мөлшерде қайталама шикізат жинау ұсынылады.

 

Жиналған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады:

 

Қабылдау пункттері:

Алатау ауданы, Ecosen, Нұркент шағынауданы, 7/1

 

Алмалы ауданы, Ecosen, Байзақов көшесі, 73/1

 

Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, 8-ші шағынаудан, 58а  

 

Әуезов ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Аксай-3 ш/а, 1а/1  

 

Бостандық ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Тимирязев көшесі, 81/3, дүңгіршек  

 

Бостандық ауданы, Ecosen, Розыбақиев көшесі, 247/3

 

Медеу ауданы, Kazakhstan Waste Recycling, Самал-1 ш/а, 32-дүңгіршек

Медеу ауданы, Hello Eco экотауарлар дүкені, Самал-2 ш/а, 56А үй

 

Жетісу ауданы, Қазыбаев көшесі, 264а (Карина Trading)

 

Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 548/2

 

Түрксіб ауданы, Жас Қанат ш/а, 1/28

 

Әр материал үшін купонның бес түрі ұсынылады: пицца, бургер, кофе, донер және додстер купоны.

 

Берілген әрбір купонның осы науқанға қатысатын тамақтану орындарының мекенжайлары бар өзінің бірегей промокоды болады.

 

Қатысушылар қайталама шикізатты келесі шарттармен купондарға айырбастай алады:

 

2 кг макулатура (қағаз, картон) балмұздақ купонына;

 

1 кг пластикалық бөтелкелер (ПЭТ бөтелкелері) бургер купонына;

 

1 кг алюминий банкалар донер купонына;

 

3 кг мөлдір шыны (түссіз) бөтелкелер кофе купонына.

 

Купондардың жарамды мерзімі – 2024 жылдың 8 мамырына дейін. 

 

Акцияның серіктестері Salam Bro, Dodo pizza, Gippo, Degirmen, Zheka’s ice компаниялары болып табылады.