«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау жүргізу туралы анонс

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау жүргізу туралы анонс

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ                                        №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл»  үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2024 жылғы 26 сәуірде сағат 10:00-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау өткізіетнін хабарлайды.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303 үй, 3 қабат, 303 кабинет мекенжайы бойынша қатысуды сұраймыз.

Қатысуға өтінімдерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы туралы мәліметтерді, талданатын саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді uppalmaty@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. Құпиялылық пен жасырын көрсетуге кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(727) 390 20 47 телефоны арқылы хабарласу қажет.