Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы Алматы Индустриялық аймағы мен өнеркәсіп нысандарын барып көрді

Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы  Алматы Индустриялық аймағы мен өнеркәсіп нысандарын барып көрді

Осы жылғы 4-6 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы Асқар Газалиев өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын, оның ішінде, Алматы Индустриялық аймағын барып көрді. Сапар барысында, отандық өндірушілердің түйткілді мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, 6 наурызда А.Газалиевтің төрағалық етуімен Алматы   қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында, өңдеу секторын жеделдетіп дамыту, оның ішінде, реттелетін сатып алулардағы отандық тауарлар көлемін ұлғайту, елішілік құндылықты арттыру мәселелері көтерілді.

Бұдан басқа, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, өңірлік инспектор жаңа мектеп құрылысының барысымен, сондай-ақ оның жабдықталуымен танысты.