Алматыда карантиндік аймақтың аумағы қысқартылды

Алматыда карантиндік аймақтың аумағы қысқартылды

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №4/445 «Алматы қаласының аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысына, жалпы ауданы 56,71325 гектар аумағындағы карантиндік нысандарының түрлері бойынша аудандар бөлінісінде, өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады.

2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №4/445 «Алматы қаласының аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысымен жалпы ауданы 216,33638 гектар аумағында карантиндік режим енгізіле отырып, карантиндік аймақ белгіленді. Бірнеше жылдар бойы аталған аумақта ошақтарды оқшаулау және жою бойынша карантиндік фитосанитариялық іс-шаралар өткізіліп келді.

Жүйелі тексерулер жүргізу нәтижесінде, Алматы қаласының аумағында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесімен жалпы ауданы 159,62313 гектар аумағында карантиндік нысандар анықталмады. Карантиндік аймақ белгіленген сәттен бастап, 3 жыл ішінде карантиндік нысандар анықталмаған жағдайда, карантиндік аймақ уәкілетті орган ведомствосының ұсынымы бойынша аталған аумақтан шығарылады.

Заң және Инспекцияның 2024 жылғы 7 ақпандағы №03-10/24-И ұсынымының негізінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы №4/445 «Алматы қаласының аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысына, жалпы ауданы 56,71325 гектар аумағындағы карантиндік нысандарының түрлері бойынша аудандар бөлінісінде, өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады.

Анықтама үшін: Фитосанитариялық диагностика және болжау республикалық әдістемелік орталығы карантиндік нысандардың және басқа да түрлерінің таралу ошақтарын анықтау мақсатында, аумақтарға тексеру жүргізеді, карантиндік нысандардың таралу ошақтарының шекарасы мен аумағын белгілейді.

Қала аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу карантин енгізуді, қозғалысқа шектеу қоюды және т.с.с. көздемейді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы   29 маусымдағы №15-08/590 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, карантиндік аймақтарда карантиндік нысандармен ластанған карантиндік өнімдерді әкетуге тыйым салынады немесе шектеулер енгізіледі.

Карантиндік аймақтан шығарылған ластанған өнім қайтарылуға, тазартылуға, залалсыздандыруға не оны қайта өңдеу ұйымдарына өткізуге жатады. Ластанған өнім, оны залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда, Бұйрыққа сәйкес алып қоюға және жоюға жатады.

Карантиндік аймақ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы №344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңы 7-1 бабының 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 7 ақпандағы №03-10/24-И ұсынымының негізінде белгіленеді.