Алматыда кіші өнеркәсіп парктерінің құрылысы жүргізілуде

Алматыда кіші өнеркәсіп парктерінің құрылысы жүргізілуде

Кіші өнеркәсіп парктер (КӨП) – бұл шағын және орта бизнес субъектілеріне бір шаршы метріне 1 350 теңге тіркелген жалдау мөлшерлемесімен және үй-жайларды сатып алу мүмкіндігімен жалға беру үшін коммуникациялары жүргізілген өндірістік үй-жайлар.

Қазіргі уақытта Алматыда инвестиция көлемі 13,2 млрд. теңге және жалпы ауданы 133,2 мың ш.м., 2999 жұмыс орнын құрумен шағын өнеркәсіп парктерінің 29 жобасы іске асырылуда.

Оның ішінде 24 КӨП жобасы Алматы индустриалды аймағының аумағында орналасқан. Инвестициялардың жалпы сомасы - 7,95 млрд. теңге, ауданы - 78,4 мың ш.м., 2 575 жұмыс орны құрылды. Қалған 5 КӨП Алматы қаласының аумағында орналасқан. Инвестициялардың жалпы көлемі - 1,22 млрд.теңге, жалпы ауданы - 17,4 мың ш.м., 424 жұмыс орны құрылды.