2023 жылы Алматының индустриялық аймағындағы компаниялар 796,6 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 9,2 млрд. теңгеге салық төледі

2023 жылы Алматының индустриялық аймағындағы компаниялар 796,6 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 9,2 млрд. теңгеге салық төледі

2023 жылы Алматының индустриялық аймағында үш жоба техникалық іске қосылды, олардың жалпы сомасы 4,8 млрд. теңгені құрап және 229 жұмыс орны ашылды:

- «Ирригатор Қазақстан» ЖШС - жоғары қысымды полиэтиленнен, сондай-ақ төмен қысымды полиэтиленнен жасалған полиэтилен құбырлары мен тамшы желілерін шығаратын зауыт;

- «БСФ» ЖШС - лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыт;

- «Әлем Тынысы» ЖШС - салқындатқыш сұйықтықтарды өңдеу және өндіру зауыты.

2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесінің 9 отырысының қорытындысы бойынша индустриялық аймаққа қатысушылардың тізіліміне жалпы жеке инвестиция сомасы 305,1 млрд. теңге және 5 933 жаңа жұмыс орны құрылған 32 компания енгізілді.

Алматы индустриялық аймағы аумағының жалпы ауданы 490 га құрайды, оның ішінде жобаларға 326 га бөлінген, 92 компания Алматы индустриялық аймағының қатысушылары болып табылады. Жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 473,94 млрд. теңгені құрайды, 11 138 жұмыс орнын ашылу жоспарлануда.