Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы жұмыстарды орындау және жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізу болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: кәсіпорындағы экономика және менеджмент және/немесе құқықтану және/немесе өсімдік шаруашылығы және/немесе мал шаруашылығы және/немесе ветеринария бағыттары және басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бойынша жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, PhD философиясының докторы, бағыт бойынша доктор).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын; Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын және аталған кәсіпорын қызметінің саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Конкурсқа қатысуға келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жастан төмен тұлғалар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өтелмеген немесе соттылығы алынбаған тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынуға қажетті құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысуға берілетін өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан берілетін жұмысқа қабылдау және еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтардың үзінділері;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №21579 болып тіркелген) №075/у нысанындағы «Медициналық (дәрігерлік кәсіптік-кеңес қорытындысы)» анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атақтары, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан берілген басшының ұсынымы туралы құжаттардың көшірмелерін) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс қатысушылары қосымша хабарланатын болады.