Алматыда қалалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда қалалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 2022 жылғы 19-20 қарашада 08:00-17:00 уақыты аралығында Қалалық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Алматы облысының жақын орналасқан аудандары (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары) ауылшаруашылығының тауарөндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының тамақ өнімдерінің кәсіпорындары қатысады.

Түрі бойынша өнімнің 50-ден астам атауы (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жармалар, өсімдік және күнбағыс майлары, т.б.) болады.

Өнімнің жалпы көлемі 100 тоннаны құрайды, оның ішінде:

  • ет өнімі – 20 тонна;
  • жеміс-көкөніс өнімі – 60 тонна;
  • сүт өнімі – 5 тонна;
  • балық өнімі – 1 тонна;
  • басқа өнімдер – 14 тонна.

Жәрмеңке өткізілетін орын – Шевченко көшесінің бойында Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін (Археология мұражайының «Ғылым ордасы» РМК қарама-қарсы).