Алматы қаласы кәсіпкерлерінің назарына!

Алматы қаласы кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау: «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ;

Пошталық мекен-жайы: 050040

Электрондық пошта мекен-жайы: info@almaty.upp.kz, mb_otdel@mail.ru;

Толық ақпаратты: Алматы қаласы, Байзаков көшесі, 303, 3 қабат,
302 каб.; немесе байланыс телефондары арқылы білуге болады: 390-20-99;
390-21-09.

Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 28 қазандағы №773 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашадағы №795 дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда)  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ  қабылдайды.

Өтінім берілетін жер: «Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 ж. «01» желтоксаннан бастап 2022 ж. «15» желтоксан аралығында.

Өтінімдерді берудің басталу күні: 2021 ж. «01» желтоксан.

Өтінімдерді берудің аяқталу күні : 2021 ж. «15» желтоксан.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000773/history