«Заң керуені» акциясы өткізу туралы хабарландыру

«Заң керуені» акциясы өткізу туралы хабарландыру

Құрметті азаматтар!

Алматы қаласының прокуратурасы 2022 жылғы 4 қарашада (сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін) жергілікті атқарушы, құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдардың қатысуымен «Заң керуені» акциясын өткізеді.

Аталған акция барысында азаматтарға еңбекті қорғау, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, мемлекеттік қызметтер алу, кәсіпкерлік, қаржы пирамидаларынан, алаяқтықтан және басқалардан сақтану шараларына қатысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес берілетін болады.

Акцияның өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы қ., Абай даңғылы, 44.