Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурстың ұйымдастырушысы: «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, кеңсе 302

Байланыс телефондары: +7 (727) 390-20-99, +7 (727) 390-20-69

Конкурстың мәні: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 43 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру

Грант сомасы: 5 млн. теңгеге дейін. 

Конкурстың түрі: Ашық конкурс.

Бюджет: 500 млн. теңге.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2022 жылғы «30» қыркүйектен бастап, 2022 жылғы «7» қазанды қоса алғанда. Qolday КҚО жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 18:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін  үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.qoldau.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

Құжаттарды электрондық нұсқада қабылдау онлайн қызметтерін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жолымен адами жайттардың әсерін барынша төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс туралы хабарландыру келесі сайттарда жарияланатын болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp,

https://atameken.kz,

https://damu.kz),

https://qolday.kz

Сондай-ақ, қызығушылық тудырған барлық мәселе бойынша келесі мекенжайларға өтініш жасауға болады:

  • «Qolday» кәсіпкерлікті қолдау орталығы, мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, тел. +7 (727) 225-10-79;
  • Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП, мекенжайы Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы, 135, 8 қабат, 2 блок, тел.: +7 (727) 331-01-33, Call-centre 1432;
  • Алматы қаласы бойынша «Даму» қоры ӨФ, мекенжайы Алматы  қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 8, «КОБА» Бизнес Орталығы, 1 қабат, тел.: 8 (727) 244 55 77, 244 55 66.

Кәсіпкердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы

электрондық өтініш беру тәртібі

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар (ЖШС) үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

Анықтама үшін: Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

«Qoldau.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) расталған өтініш беру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

2) ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, құжат (бар болған жағдайда);  

3) берілетін мемлекеттік грант көлемінен кемінде 10% мөлшерінде бизнес- жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды бірлесіп қаржыландыруының (ақша қаражаттарымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжат, кәсіпкердің дербес шотында ақша қаражаттарының немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттарының (халықтың әлеуметтік-осал топтарын, оның ішінде,    3 топ мүгедектерін қоспағанда) бары туралы банк шотынан үзінді;

4) өтініш берушінің халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын мәртебесінің  барын растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда);

5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асырғаны туралы мәліметтерімен қоса жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда).

Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.