Алматы Индустриалды аймағында автомобиль өндірісі бойынша шағын брендті зауыт пайда болады

Алматы Индустриалды аймағында автомобиль өндірісі бойынша  шағын брендті зауыт пайда болады

«Астана Моторс» компаниясы Қытай Халық Республикасының Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor секілді автомобиль өнеркәсібінің алыптарымен Алматы қаласында шағын көлемді автомобильдер шығаратын толық айналымды зауытының құрылысы туралы жасасқан Меморандумдарға қол қойды.

«Астана Моторс» Chery, Changan және Haval қытай брендтерімен автомобиль өндірісі бойынша зауытын салуды жоспарлап отыр.

Chery Automobile Company Chery брендінің негізін 1997 жылы қалады. Қытай жеңіл автомобильдерінің экспортында бірінші орынға ие болып отыр.    2022 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай брендтерінің арасында сатудың көшбасшысы болып отыр. Дүниежүзі бойынша  100 миллионнан астам клиенті бар.

Changan International Corporation Changan брендімен – ең ескі брендтерінің және әлемдік автомобиль өнеркәсібі технологиялық лидерінің бірі, 1862 жылы қаланды. Әлемнің 6 елінде 70-тен астам дүниежүзі елдерінің сатып алушылары үшін автомобиль шығаратын 9 кәсіби ғылыми-зерттеу және дизайнерлік орталықтары бар.

Great Wall Motor инновациялық саладағы ең ірі прогрессивті түрлі, оның ішінде, Haval брендтті автомобиль өндірушісі. Нарықта 38 жылдан астам уақыттан бері келеді.

«Астана Моторс» кәсіпорынның құрылысына 200 млн. АҚШ долары көлемінде инвестиция салуға ниеттеніп отыр. Кәсіпорында 2200 жұмыс орны құрылатын болады.

Шағын брендті зауытының өндірістік қуаты – жылына 90 мың бірлік. Кәсіпорындағы автомобильдердің барлығы тек дәнекерлеу және шанақтарын бояу әдісімен, осылайша жергілікті жерсіндіруді және шығарылатын өнімнің қазақстандық қамтылуын арттыра отырып, шығарылатын болады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар аралығы. Жобаның тұжырымдамасына сәйкес, шығарылатын автомобильдердің жалпы көлемінің 60%-ы ТМД елдеріне экспортталатын болады.

Жаңа зауыт Алматы Индустриалды аймағында орналасатын болады. Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы – Индустриалды аймағы» ЖШС басқарушы компаниясына инвестициялық жобаны іске асыру үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.