Алматыда өнеркәсіп өндірісін дамытудың оң серпіні байқалады

Алматыда өнеркәсіп өндірісін дамытудың оң серпіні байқалады

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласында 676,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл ұқсас кезеңнің өткен жылғы көрсеткіштерінен 12,7%-ға асып отыр. Ең үлкен өсім өңдеу өнеркәсібі саласында байқалады – 18,3%-ға өсе отырып, 566,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Көлемдердің ұлғаюы металл емес минералдық өнімдерінің 26,8%-ға     (27,3 млрд. теңге, үлесі – 4%), металл бұйымдарының 44,7%-ға (17,2 млрд. теңге, үлесі – 2,5%), жиһаздың 30%-ға (8,5 млрд. теңге, үлесі – 1,3%),  фармацевтикалық препараттардың 9,8%-ға (9,5 млрд. теңге, үлесі – 1,4%), жеңіл өнеркәсіптің 2,4%-ға (6,6 млрд. теңге, үлесі – 1%), сусындардың   2,1%-ға (27,9 млрд. теңге, үлесі – 4,1%), тамақ өнімдері өндірісінің саласында 1,2%-ға (117 млрд. теңге, үлесі – 17,3%) байқалады.

Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында, Алматыда индустриялық аймақ дамуда, онда өнеркәсіптің басым салаларының кәсіпорындары (машина жасау, құрылыс материалдарының өндірісі, тамақ, жеңіл, фармацевтика және химия өнеркәсібінің салалары) орналасқан.

Индустриялық аймақ аумағының жалпы алаңы 490 гектарды құрайды, оның ішінде, жобалар үшін 326 га (164 га инфрақұрылымға) бөлінді. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 233,7 га бөлінді, 7,5 мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, 275,8 млрд. теңгені құрайтын            69 жобасы бар 67 компания резиденттер болып табылады.

Бүгінгі күні, Алматы индустриялық аймағында жалпы сомасы 114,7 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске асырылды, 519,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 19,2 млрд. теңгенің салығы төленді, 2,7 мың жұмыс орны құрылды.

Сонымен бірге, Алматыда шағын өнеркәсіптік парктерді (ШӨП) дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Бүгінде, қалада 2,2 млрд. теңге инвестиция сомасымен жалпы алаңы 26,5 мың шаршы метрді құрайтын өндірістік жайы бар 8 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейді, 650-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында 1 500-ден астам жұмыс орнын құра отырып, 8,1 млрд. теңге инвестиция сомасына жалпы алаңы 58,8 мың шаршы метрді құрайтын          10 жаңа шағын өнеркәсіптік парктің, сондай-ақ ADS Industries және KazStroyTrade жобалары екінші кезеңдерінің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 370 жұмыс орнын құра отырып, 1,5 млрд. теңге инвестиция сомасына жалпы алаңы 15,9 мың шаршы метрді құрайтын 4 шағын өнеркәсіптік паркті (Alatau Industrial Park, QazaqPlast, ALAESTATE 2-ші жобасы және            ADS Industries  2-ші кезеңі) 2022 жылы іске қосу жоспарланып отыр.