Алматы қаласының дүкендеріндегі және базарларындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын саудалық үстеме бағаны көтеру бойынша тексеру жүргізілетін болады

Алматы қаласының дүкендеріндегі және базарларындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын саудалық үстеме  бағаны көтеру бойынша тексеру жүргізілетін болады

Азық-түлік дүкендері мен үй жанындағы дүкендерге әлеуметтік     маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қоюға рұқсат етілген 15% саудалық үстеме бағаны сақтау мәніне тексеру жүргізіледі.

Көшпелі комиссия құрамына аудан әкімдігінің, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Сауда департаменттерінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, Бәсекелестікті қорғау және дамыту басқармасының, Алматы қаласы Прокуратурасының келісімі бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері кіреді. Рейдтік іс-шаралар 26 әмбебап базарын және Алматы қаласындағы 3 600 «үй жанындағы» дүкендерді қамтиды.

Тексеру барысында кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу бағасынан оларға қойылатын 15%-дан астам бағаны көтергені және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын (олардың белгіленген бағасына қарай) көтергені үшін, оның жауапкершілігі туралы хабарлама жолданады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 204-4 бабына сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, саудалық үстеме бағаны көтергені үшін кәсіпкерге бірінші жолы ескерту беріледі, бұзушылық қайталанған жағдайда, 10 айлық есептік көрсеткіштен 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (30 630 теңгеден 918 900 теңгеге дейін) мөлшерде айыппұл салынады. Белгіленген шекті бағаны бірінші рет көтергені үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (306 300 теңге), бұзушылық қайталанған жағдайда, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (612 600 теңге) айыппұл салынады.

Қолданыстағы сауда заңнамасын сақтау мақсатында кәсіпкерлерге баламалы нұсқа – Қазақстан Республикасының ірі дистрибьюторлары мен өндірушілерінен тікелей көтерме баға бойынша бакалея өнімдерінің тікелей жеткізілімі ұсынылатын болады. Аталған шара Алматы қаласында жыл басынан бері тәжірибеден өтуде: бүгінгі күні, 1 мыңнан астам «үй жанындағы» дүкендер қамтылды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 атауы бойынша шамамен 1,5 мың тонна өнім (жұмыртқа, қант, күріш, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, макарон, тұз) жеткізілді.