Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда

Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда

Алматыда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау  тетіктерінің  кең жиынтығы іске қосылған.

2022 жылы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар (БЖК-2025, «Қарапайым заттар экономикасы»,  АӨК, «Алматы бизнес 2025», «Алматы бизнес») аясында  бизнесті қолдауға 42,2 млрд теңге бөлінді, жалпы кредит сомасы 8,3 млрд теңгеге 110-нан астам жоба мақұлданды.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер үшін қаржылай емес қолдау шаралары ретінде ШОБ субъектілеріне несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, ірі сауда объектілерінде жалға алуға жеңілдіктер берілді, белгілі бір кезеңге коммуналдық объектілерде жалдау ақысын алу алынып тасталды. «Almaty Business-2025» қалалық бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету бөлігінде жылдық 2% мөлшерлемемен (12 айға дейінгі мерзіммен 10 млн теңгеге дейін, кепілмен және кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Алматы «ӘКК» АҚ ішінара кепілдігімен) жаңа кредиттік өнім енгізілді, кепілсіз кредиттеу бойынша мөлшерлеме 12%-дан 9%-ға дейін (сомасы 6 млн теңгеге дейін кепілмен қамтамасыз ету мерзімі 24 айға дейін) төмендетілді, Almaty Finance және Almaty МҚҰ қарыз алушылары үшін негізгі қарызды өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге дейін босату ұсынылды. Аталған қолдау шараларын іске асыруға жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге бөлінді.

Әлеуметтік жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2021-2022 жылдары «Алматы» ӘКК» АҚ инвестициялар сомасы – 131 млн.теңге, 72 жұмыс орнын құрумен 9 жобаны іске асырды.

Алматыда ШОБ үшін шағын өндірістік парктер де белсенді дамуда. Бүгінгі таңда 670 - тен астам жұмыс орнын құрумен 8 өндірістік парк (инвестиция сомасы-4 млрд.теңге) іске асырылды. Өндірістік парктерде тамақ, жеңіл, жиһаз және құрылыс өнеркәсібі салаларында 53 кәсіпорын іске қосылды. Алматы қаласының Индустриалды аймағында жалпы ауданы 76,5 мың ш.м. тағы 12 жаңа өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде, 2100-ден астам жұмыс орны ашылады. Инвестиция сомасы 8,6 млрд теңгені құрайды.

Бизнесті қолдау және дамыту мақсатында «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді, ол Алматы қаласындағы ШОБ-ке «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес береді. Жыл басынан бері 28,3 мыңнан астам кеңес берілді, 500 бизнес-жоспар/жоба әзірленді, 475 млн.теңге сомасына қаржыландыруға дейін 17 жобаға қолдау көрсетілді,219 рұқсат құжаттары алынды, 2 589 тыңдаушы оқу курсынан өтті.

Анықтама: ағымдағы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны - 217 822, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.