Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің үштен бірі жақын күндері өтемақы алады

Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлердің үштен бірі жақын күндері өтемақы алады

Алматыда Өңірлік комиссияның шағын және орта бизнес субъектілерімен 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде келтірілген залал сомасын анықтауды түсіндіру бойынша кездесуі өтті.

«Кейбір шағын кәсіпкерлер қанша және не жойылғанын, ұрланғанын құжаттай алмай отыр. Мұндай жағдайларда, мемлекеттік өтемақы алу үшін, аудит пен бағалау жүргізу қажет. Бірақ бұл өте күрделі процедуралар, олар көп уақытты алады, ал адамдар қазір қалпына келіп, жұмыс істеуі керек. Біз ірі бизнеске шағын кәсіпкерлер үшін көмек сұрап жүгіндік, бірден Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе жауап берді, олар 450 шағын кәсіпкерге 3 млн теңгеге дейінгі шығын сомасымен бюрократиялық процедурасыз тез көмектесу үшін өздерінің жеке қаражатынан 579 млн теңге бөлуді шешті. Бұл тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен барлық бизнес субъектілерінің 28%-ын құрайды. Осы қолдаудың арқасында, біз барлық өтінімдердің үштен бірін жабамыз», - деді Өңірлік комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, Алматыда тәртіпсіздік пен тонау салдарынан 1581 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Шығын сомасы 45,6 млрд. теңгені құрайды. Залал сомасын айқындау жөніндегі Өңірлік комиссия зардап шеккен объектілер бойынша, оның ішінде, жергілікті жерлерге шыға отырып, деректерді жинауды жалғастыруда.