Алматыда әлеуметтік жауапты бизнес азық-түлік бағасын төмендетеді

Алматыда әлеуметтік жауапты бизнес азық-түлік бағасын төмендетеді

«ПТО Ер-Төстік» ЖШС компаниясы өзінің жеке сауда дүкені арқылы қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен сатуға дайын екендігі туралы хабарлады.

«Алматы» СПК» АҚ мен компания арасында Меморандумға қол қойылып, Алматы қ., Радостовец көш., 89 адресы бойынша келесі азық-түлік тауарларды төмендетілген бағамен сатады:

• 1 сорт ұн бағасы 115 теңге/кг;
• 1-ші санаттағы тауық жұмыртқасы 290 теңге/10 дана;
• тауық еті 750 теңге/кг;
• қант 250 теңге/кг.

Осы дүкенде келесі өнімдер де сатылады:

- жоғары сапалы ұн - 130 тг/кг,
- таңдалған жұмыртқа - 350 теңге/10 дана,
- бройлер тауықтары – 890 теңге/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден алуға болады: www.almatyazyk.kz.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша шағын сауда орындарының иелері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілерден тікелей жеткізу үшін сенім телефоны ашылды: +7 707 787 9535.