2022 жылғы 23 ақпанға дейінгі мерзімде Алматы қаласының бөлшек сауда желілеріне кемінде 1,401 млн. қаптамада дәрілік заттарды және 7,85 млн. бірлікте медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу үшін дәрілік заттардың көтерме жеткізушілеріне 2,77 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, фармацевтикалық компаниялар өздерінің қоймаларында 611 мың қаптама мөлшеріндегі дәрілік заттардың және 3,14 млн. бірліктегі медициналық мақсаттағы бұйымдардың азайтылмайтын теңгерімін ұстап отыруға міндеттеніп отыр, ол тапшылық туындаған жағдайда, қала дәріханаларының желілеріне, олардың тапсырыстары бойынша, сатылуы тиіс болады.
Тұрақтандыру қорының шеңберінде фармацевтикалық компаниялар 309 мың дәрілік заттарды және 4 575 мың медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізді. Тұрақтандыру қорының азайтылмайтын теңгерімі 261 мың дәрілік заттарды және 3 136 мың медициналық мақсаттағы бұйымдарды құрайды. Жеткізушілердің қоймаларындағы барлық дәрілік заттардың, биологиялық белсенді қоспалардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы теңгерімі 15 478 мың бірлікті құрайды.
Аса үлкен сұранысқа ие препараттар (антибиотиктер, вирусқа қарсы және дене қызуын басатын препараттар) жеткілікті көлемде қолда бар: 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап, қала дәріханаларына 2,5 млн. дәрілік заттар, биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Коронавирустық инфекцияны емдеудегі сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар, әріптестердің дәріханаларының теңгерімінде 1,3 млн. препарат бар.
Тұрақтандыру қорының шеңберінде жеткізілімнің жалпы көлемі 59 дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды: