Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

Қазіргі уақытта әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауына, оның ішінде сиыр етіне (жауырын-төс бөлігі) бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда.

Осылайша, берілген айналым қарыздары шеңберінде Магнум сауда желісінің сөрелерінде, сондай-ақ «Asyl Meat» ЖШС өндірушісінің 6 фирмалық дүкендерінде 2050 тг/кг баға бойынша сиыр етінің бағалары белгіленеді.

Сонымен қатар, көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша «Жұлдыз» (көтерме сауда) және «Орбита» базарындағы «Ет дүкендері» іске қосылды, онда ет (кеуде-жауырын бөлігі) 2050 тг/кг - нан сатыла бастады, бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен (ДС-2396 тг/кг). Қамтуды ұлғайту үшін «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында ұқсас дүкендер ашу жоспарланған.