Алматыдағы жәрмеңкеге Алматы облысының тауар өндірушілері 455 тоннадан астам өнім әкеледі

Алматыдағы жәрмеңкеге Алматы облысының тауар өндірушілері 455 тоннадан астам өнім әкеледі

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Алматы облысы мен Алматы қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында 2021 жылдың 27 қарашада Алматы қаласының «Астана» орталық  алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 175 млн. теңгені құрайтын 455 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады.

Оның ішінде:

  • Ет өнімі – 36 тонна;
  • Жеміс-көкөніс өнімі – 115 тонна;
  • Картоп – 39 тонна;
  • Жеміс жидек – 38 тонна;
  • Сүт өнімі – 21 тонна;
  • Балық өнімдері – 16 тонна;
  • Өзге өнімдер – 190 тонна өнімдері бар.

Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.