Қалалық ветеринарлық қызметінің мамандарын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен құттықтады

Қалалық ветеринарлық қызметінің мамандарын  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы  қызметкерлерінің күнімен құттықтады

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының жанындағы ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК мамандары Қазақстанның Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында ветеринария қызметінің жыл басынан бергі негізгі нәтижелері қорытындыланды. Атап айтқанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және оның диагностикасы бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді (жануарлардың барлық түрі бойынша 156453 манипуляция орындалды), 3065 ІҚМ, 1756 ҰММ, 200 жылқының, 59 шошқаның, 150 ет қоректілердің, 80 қой өсірушілердің сынамаларының диагностикалық сынақтары таңдалды және бруцеллезге зерттеу үшін зертханаға тапсырылды.

«Ветеринариялық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығының жас малдарын: 811 бас – ірі қара малды, 548 бас – ұсақ мүйізді малды, 102 бас – жылқыны, 138 бас – шошқаны бірдейлендіру жүргізілді. 2002 бас – ІҚМ, 1071 бас – ҰММ, 335 бас – жылқы, 290 бас – шошқа,  18 бас – бір тұяқты мал (ұрпақ, сатып алынған, тағы басқа жағдайлалар) есепке қойылды. 200 бас – ІҚМ, 1172 бас – ҰММ, 271 бас – жылқы, 267 бас – шошқа,  6 бас – бір тұяқты мал (сою, мал өлімі, тағы басқа жағдайлар) есептен шығарылды. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер қорында 2021 жылдың 19 қарашасында 2915 бас ІҚМ, 1633 бас ҰММ, 908 бас жылқы, 16 бас түйе, 200 бас шошқа, 17 бас бір тұяқты мал (есектер және понилар) бар», – деп хабарлады ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК ветеринария бөлімінің басшысы Сейітқали Телтаев.

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша Алматы қаласы аумағының эпизоотиялық жағдайы қолайлы, жануарлар мен құстардың жалпы өлімі тіркелген жоқ. КМК теңгерімінде 12 биотермиялық ұңғымаларымен 1 (бір) типтік мал қорымы бар, ол Алматы облысының, Іле ауданы, Междуреченск ауылдық округінің аумағында орналасқан. Мал қорымының жер теліміне берілген мемлекеттік актісі және техникалық төлқұжаты бар, ал әрбір биотермиялық ұңғымаға нысанның стендінде орналастырылған биотермиялық ұңғыманың карточкасы арналған.

Жыл басынан бері ветеринариялық анықтама беретін мамандар «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетті. Барлығы 4845 ветеринариялық анықтама, оның ішінде, 2044 анықтама заңды тұлғаларға және 2801 анықтама жеке тұлғаларға берілді. Қараусыз қалған жануарларды аулау бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері – 13426 ит, 397 мысық аулады; шарт жасасқан иелеріне – 1944 итті, 366 мысықты қайтарды; 673 иттің, 83 мысықтың өлекселерін жинап алды; мал қорымындағы «Беккари» ұңғымасына тастау жолымен 11942 ит пен 113 мысықтың өлекселері тасталып, жойылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ҚазҰАУ профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты К.А.Орынханов ветеринария мамандарына «Мастит, оның жіктелуі, емі және алдын алу» тақырыбы бойынша семинар өткізді.